Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Қыздарын 10 жыл зорлаған азғын сотталды

kaz.365info.kz

Қыздарын 10 жыл зорлаған азғын сотталды

Алматы облысында 10 жыл бойы қыздарын зорлаған әкеге қатысты сот үкімі шықты. Сотталушы 2010-2023 жылдар аралығында өзінің жас және кәмелетке толмаған қыздарына қатысты зорлық-зомбылық жасаған. Олардың дәрменсіз жағдайын пайдаланып, зорлау арқылы жыныстық сипаттағы басқа да әрекеттерді қайталап жасаған және оларды өлтіремін деп қорқытқан. Прокурор сотталушыны 25 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады. Сот шешімімен 57 жастағы ер адам кінәлі деп танылып, 25 жылға бас бостандығынан айырылды. 2023 жылдың 28 мамырында Еңбекшіқазақ ауданы Бөлек ауылында тұратын апалы-сіңілілер өз әкелерінен он жыл бойы қорлық көргенін айтты. Қазір кенжесі 20 жаста, үлкені 22 жаста. «Әкем «Егер біреуге айтсаң, сенің де, сіңіліңнің де, бауырларыңның да тамағын кесемін. Ал егер мойынсұнсаң, мен сені ұрмаймын» деп қорқытты. Қатты қорыққандықтан үндемей оның қалағанын істедім», – дейді жәбірленуші. 22 жастағы қыздың айтуынша, ол 11 жасынан бастап зорлық көрген. Артынша жағдай ушығып, әкесі 13 жасында кіші сіңілісін қорлай бастаған.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
8 қыркүйек 2024