Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Үш айлық баласын теуіп, лақтырып, әйеліне пышақ ала жүгірген

kaz.365info.kz

Үш айлық баласын теуіп, лақтырып, әйеліне пышақ ала жүгірген

Белгілі заңгер, қоғам белсендісі Айгүл Орынбек үш айлық баласын теуіп, лақтырып жіберген қатігез әке туралы жантүршігерлік жағдайды айтты. Оның айтуынша, зардап шеккен сәби мен әйелді аурухана қабылдамай қойған. «Неге жалғыз менің жүрегім ауруы керек? Ел қандай істерде жүретінімді көрсін. Түнгі сағат 4:00-те «Роща ауруханасы ана мен баланы қабылдамай жатыр» деп хабарласты. Құдайдан қорықпайтындар «Айгүл Орынбек келеді» деген соң ғана көмек бере бастаған. Бірақ өте кеш, бала басына қан кетіп, реанимацияға түскен. Үш айлық баланы теуіп, лақтырып, әйеліне пышақ ала жүгірген оңбаған әлі қамауда емес. Әшейінде басқаларды бірден қамауға алатын прокуратура бұл жолы нені күтіп отырғанын білмеймін, – дейді құқық қорғаушы. Сондай-ақ ол құқық қорғау органдары кішкентай қыздың іздеушісі жоқ деп, 53 жастағы еркекті ақтап алғысы келіп жатыр ма екен деген ойын да айтты. «Тұрмыстық зорлық-зомбылықпен Шымкент прокуратурасы қалай күресіп жатқанын көріңіздер! Ауруханаға барса «адам көп, үйлеріңе қайтыңдар» деген дәрігерді жазалау керек. Шымкентте бала құқығын қорғайтын омбудсмен бар ма өзі? – дейді Айгүл Орынбек. Арада көп ұзамай, осы жазбадан соң Айгүл Орынбек ІІМ басшысы Ержан Сәденовті белгілеп, тағы бір жағдайды айтты. «Ана мен баланың видеосы интернетке салынған соң, тергеушілер түнгі 2-де ауруханаға келіп тұр. Түн ішінде анасын барып мазалаңдар деп тергеушіге бұйрықты кім берді? Күндіз келіңіз, түнде мазалауға хақыңыз жоқ десем, тергеуші дөрекілік танытып отыр. Түнгі екіде келіп, қорғаушысыз, заңгерсіз ауруханада жатқан ананы мазалауға ешкімнің хақысы жоқ. Күндіз бойы не істедіңдер?» – деп жазды заңгер.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
18 қыркүйек 2024