Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Ақтөбе облысында турнирге бара жатқан оқушылар жол апатына ұшырады

kaz.365info.kz

Ақтөбе облысында турнирге бара жатқан оқушылар жол апатына ұшырады

Ақтөбе облысында жантүршігерлік жол апаты болды. Маңғыстау облысына жарысқа бара жатқан мектеп оқушылары мен ата-анаcы мінген минивен жүк көлігімен бетпе-бет соқтығысқан. «Тойотадағы» 8 адам бақилық болды. Оның бесеуі — бала. Жүк көлігінің жүргізушісі қазір түсініктеме беріп жатыр. Апат Хромтау ауданының Бөгетсай ауылы маңында болған. Жолаушылар мінген минивен таңертең Әйтеке би ауданының Құмқұдық ауылынан шығыпты. Көлікте мектеп оқушылары да бар. Олар Маңғыстауға жеке футбол турниріне қатысуға шыққан екен. Алайда жолда жүк көлігімен соқтығысады. Көптонналы алып техника «Тойотаның» сау тамтығын қалдырмаған. «Алдын ала мәліметтерге байланысты, көлікте балалардың қасында ата-анасы болған және басқа облысқа футболдан өтетін жарысқа бара жатқан. Бұл шара жайында ата-аналар құзырлы білім басқармасына, полцияға, спорт басқармасына хабарламаған», – Ақтөбе облысы ПД ЖПҚ басқарма бастығы Айдос Құлжанов. Білім басқармасы да оқушылардың алыс жолға шыққанын білмеген. Сол турнирге басқа да адамдардың кеткен-кетпегені анықталып жатыр. Полицейлер көліктегі адамдардың нақты санын бірден айта алмаған. Алғашында 3 ересек 3 бала бар делінді. Кейін жаншылған көліктен тағы екі баланың денесі табылған.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
18 қыркүйек 2024