Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Париж Олимпиадасында 800 дана жалған медаль сатпақ болған адам ұсталды

ktk.kz

Париж Олимпиадасында 800 дана жалған медаль сатпақ болған адам ұсталды

Хабарға сәйкес, 23 шілдеде Олимпиада ойындарының ашылуына бірнеше күн қалғанда Париждің 12-ші ауданындағы көшелердің бірінде Бразилиядан келген 39 жастағы күдікті парамен ұсталған.

Ұстау кезінде қылмыскерден 11 жасанды медаль және жалған 500 еуролық банкнот табылған. Тергеушілер оның жалдамалы пәтерін тінту кезінде 198 баулы медаль, 666 баусыз медаль, 655 зергерлік бұйым және «Париж 2024» эмблемасы бар 727 бау тапты.

Сондай-ақ 1340 еуро қолма-қол ақша табылған.

Бұған дейін Парижде Олимпиада ойындарына жалған билет сату бойынша алты іс қозғалған. Туристер мен жергілікті тұрғындар алаяқтық туралы полицияға хабар берген.

Мысалы, 19 жастағы бойжеткен жалған сайттан тапқан жалған QR коды бар билеттерге 870 еуро төлеген.

Полиция бөлімшесіне көптеген спортшылар мен жаттықтырушылар да жеке заттарының жоғалтқанын айтып шағымданған. Айталық, жапон регби ойыншысы әшекей бұйымдарын және пәтерінде сақталған 3 мың еуроны жоғалтқан.

Дереккөз: Kazinform

Бізді Youtubе-та қараңыз!Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
18 қыркүйек 2024