Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Елордада жыл басынан бері 32 бала терезеден құлаған

ktk.kz

Елордада жыл басынан бері 32 бала терезеден құлаған

Толығырақ Астана қаласы ТЖД Төтенше жағдайлардың алдын алу басқармасының бастығы Бақытжан Мәуленбердиев айтып берді.

«Жыл сайын балалардың жарақат алу жағдайы артып барады. Оның қатарында балалардың терезеден құлауы да бар. Көбіне мұндай жағдайлар ата-ананың балаларды қараусыз қалдыруымен байланысты. Жыл басынан бері Астана қаласы бойынша «112» пультіне балалардың терезеден құлауы жазатайым оқиғалары туралы 32 хабарлама түсті. Оның ішінде 5 бала қайтыс болды, 4 сәбиге амбулаториялық көмек ұсынылды және 23 бала әртүрлі дәрежедегі жарақатын алып ауруханаға жатқызылды», - деді Бақытжан Мәуленбердиев Астана қаласының коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз мәслихатында.

Төтенше жағдайлар департаменті қызметкерлері елорда тұрғындарына жадынамалар таратып, оқыс жайттардың алдын алу бойынша түсіндіру жұмыстарын өткізіп жатыр.

«Бүгінде мамандар 3 мыңнан астам көппәтерлі тұрғын үйді аралады. Әр үйдің кіреберісі мен лифтілерге 12 мыңнан дана астам жадынама жапсырылды. 15 075 тұрғынға қауіпсіздік ережелері түсіндірілді», - дейді ТЖД өкілі.

Дереккөз: Kazinform

Бізді Youtubе-та қараңыз!Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
18 қыркүйек 2024