Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Бүлдіршіннің бетін, ернін тіліп азаптап, зорлаған

kaz.365info.kz

Бүлдіршіннің бетін, ернін тіліп азаптап, зорлаған

Бірінің бетін, екіншісінің ернін тіліп, азаптағанымен қоймай, жыныстық қатынасқа түсіпті. Алматы облысының прокуратурасы төрт балалы үйге бас-көктеп кіріп, кішкентайларға қорлық көрсеткен ер адамға қатысты тергеуді аяқтады. 47 жастағы күдіктіге үш бап бойынша айып тағылған. «Азамат «И»-ге қатысты ҚР ҚК 120-бабы 1-бөлігі «Зорлау, яғни жәбірленушіге немесе басқа адамдарға күш қолданып немесе оны қолдану қатерін төндіріп, не жәбірленушінің дәрменсіз күйін пайдаланып жыныстық қатынасқа түсу», 120-баптың 4-бөлігі «Зорлау, яғни жәбірленушіге немесе басқа адамдарға күш қолданамын немесе оны қолданамын деп қорқыту арқылы не жәбірленушінің дәрменсіз жағдайын пайдаланып, бірнеше рет жасалған жыныстық қатынас» деген баптармен іс қозғалды. Сондай-ақ ол 126-баптың 2-бөлігінің 5, 7-тармақтары мен 149-баптың 2-бөлігі бойынша тергелді. Зерттеу қорытындысы бойынша істі мәні бойынша қарау үшін сотқа жіберу мәселесі шешіледі», – деді Алматы облысының прокуратурасы. Сұмдық оқиға осыдан жарты жыл бұрын Жамбыл ауданындағы Балғабек Қыдырбекұлы ауылында болды. Үлкендердің қарауынсыз отырған төрт балалы үйге ер адам екі кештің ортасында баса-көктеп кіріп, бүлдіршіндерге озбырлық көрсеткен. Ұрып-соғып, аяқ- қолын байлап, буындырады. Кенже ұлының көзін көгертіп, ортаншысының бетін тілген. Тағы бірінің ернін кеседі. Бұл кезде олардың анасы көрші ауылда болып, көршілері бірінші болып дабыл қаққан. 47 жастағы күдікті көп ұзамай қолға түсіп, балалар бірден ауруханаға жеткізіледі.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
16 қыркүйек 2024