Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Өскеменде мотоцикл тізгіндеген адамды қағып өлтірген көлік жүргізушісі 2 жылға сотталды

ktk.kz

Өскеменде мотоцикл тізгіндеген адамды қағып өлтірген көлік жүргізушісі 2 жылға сотталды

Жол-көлік оқиғасы Меновное кентінде болған. Toyota Land Cruiser автокөлігін тізгіндеген 60 жастағы азамат солға бұрылған кезде негізгі жолда келе жатқан мотоциклді өткізбей қойған.

Соның салдарынан жол талғамайтын көлік пен мотоцикл соқтығысты. Ауыр жарақат алған 31 жастағы азамат шұғыл түрде ауруханаға жеткізілген. Алайда дәрігерлер оны аман сақтап қала алмады. Ер адам есін жимастан облыстық мамандандырылған медициналық орталықта көз жұмды.

Осыған байланысты сот ісі Өскемен қалалық №2 сотында қаралды.

«Сот шешімімен айыпталушы кінәлі деп танылып, екі жылға бас бостандығынан шектелді. Сондай-ақ ол бір жылға көлік жүргізу құқығынан айырылды. Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ», - деп хабарлады соттың баспасөз қызметінен.

Бізді Youtubе-та қараңыз!Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
18 қыркүйек 2024