Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

ІІМ интернет алаяқтардың байланыс арнасының жолын кесті

newsroom.kz

ІІМ интернет алаяқтардың байланыс арнасының жолын кесті

Астанада интернет-алаяқтықтың жолын кесу бойынша жедел іс-шаралар барысында мыңнан астам sim-карта тәркіленді, – деп хабарлайды newsroom.kz порталы Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Олардың көпшілігі sim-қораптардан табылды. Бұл алаяқтарға әлемнің кез келген нүктесінен жалған нөмірлер арқылы қоңырау шалуға мүмкіндік береді. Операцияны ІІМ киберқылмысқа қарсы іс-қимыл орталығының қызметкерлері елордалық әріптестерімен бірлесіп жүргізді."- Барлығы осындай 11 жабдық, сондай-ақ ноутбуктер, телефондар мен модемдер тәркіленді. Дыбыс күшейткіштері ретінде көрсетілген sim-қораптар жалдамалы пәтерлерден және ұсталғандардың бірінің көлігінің жүксалғышынан табылды. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында бар мән-жайлар анықталатын болады”,- деді ІІМ криминалдық полиция департаментінің бастығы Қанат Нұрмағамбетов.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
18 қыркүйек 2024