Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

СҚО-да құтырма ауруының 3 ошағы тіркелді

newsroom.kz

СҚО-да құтырма ауруының 3 ошағы тіркелді

Солтүстік Қазақстанда жыл басынан бері құтырма ауруының 3 ошағы тіркелді. 2 ит пен елдімекенге кіріп кеткен түлкіден қауіпті инфекция анықталды,-деп хабарлайды newsroom.kz

Облыстық ветеринария басқармасының мәліметінше жағдай тұрақты. Аурудың таралуының алдын алу мақсатында 90 мың бас мал мен ит-мысыққа екпе салынды.

Айта кетелік, жалпы 250 мың үй жануарына вакцина егу жоспарланған.

Сонымен қатар жабайы аңдарға да жұқпалы дертке қарсы дәрі берілуде. 24 800 дана арнайы брикет әзірленді.

Мамандардың айтуынша, ол жабайы жануарлар жүретін жерлерге жем ретінде шашылады.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
13 қыркүйек 2024