Павлодар облысында жүкті әйелді өлтірмек болған
Павлодар облысында жүкті әйелді өлтіруге оқталғаны және психотропты затты сақтағаны үшін жасөспірім тоғыз жылға сотталды. Істің мән-жайы жария етуге жатпайтын болғандықтан, іс жабық сот отырысында қаралды. «Сотта прокурор Д-ны кінәлі деп танып, қылмыстық құқық бұзушылықтар жиынтығы бойынша 9 жыл 5 күнге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындауды сұрады. Жәбірленуші өкілдері мемлекеттік айыптаушыны толық қолдап, осы баптар бойынша ең жоғары жаза тағайындауды, 15 миллион теңге көлемінде моральдық шығынды өтеу туралы талапты толық қанағаттандыруды сұрады», – делінген сот хабарламасында. Сотталушы психотроптық зат сақтағанын толық мойындады. Алайда ол жүкті әйелді өлтіруге оқталғанын мойындамады, соттан өзін ақтауды сұрады.
- Соңғы
- Танымал
Күнделікті жаңалықтар
6 қазан 2024