Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Әйелінің жалаңаш суреттерін туыстарына жіберген

kaz.365info.kz

Әйелінің жалаңаш суреттерін туыстарына жіберген

Оралда әйелінің интим суретін туыстарына жіберіп, ақша бопсалаған ер адам сотталды. Соттың мәліметінше, некеде болғанда әйел күйеуінің сұрауымен оның WhatsApp нөміріне өзінің интимді суреттерін жіберген. «Араларында болған жанжалдан соң әйел ажырасқысы келетінін айтып, сотқа жүгінді. Ал күйеуі ажырасуға келісім бермеген. Ол әйелінен ақша бопсалап, жалаңаш суреттерін таратып жіберемін деп қорқытқан. Содан кейін әйелінің интимді суреттерін WhatsApp арқылы қайын атасына және өзге де туысқандарына жіберген», – дейді сот өкілдері. Сот істің барлық материалдарын зерделеп, сотталушыны Қылмыстық кодекстің 2 бабы – «Бопсалау» және «Жеке өмірге қол сұқпаушылықты бұзу» бойынша кінәлі деп таныды. Оған 3 жыл 2 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
6 қазан 2024