Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Бас прокуратура: Алматыдағы ұйымнан 27 млн теңге ұрлаған адам Түркияда ұсталды

kaz.365info.kz

Бас прокуратура: Алматыдағы ұйымнан 27 млн теңге ұрлаған адам Түркияда ұсталды

Бүгін ҚР Бас прокуратурасы және Ішкі істер министрлігінің Интерпол қызметкерлерімен, Қазақстанның Түркиядағы Елшілігінің қолдауымен қылмыстық жауапкершілікке тарту мақсатында Түркия Республикасынан Қазақстан азаматы экстрадицияланды. «Күдікті 2022-2023 жылдар аралығында Алматы қаласындағы коммерциялық ұйымның бухгалтері бола отырып, төлем тапсырмаларына жалған мәліметтер енгізу арқылы өзіне сеніп тапсырылған 27 миллион теңгеге жуық ақшалай қаражатын заңсыз иемденген. Қылмыс жасағаннан кейін күдікті жасырынған, осыған байланысты ол халықаралық іздеуге жарияланды», – делінген Бас прокуратураның баспасөз қызметінің хабарламасында. Биыл тамыз айында ол Түркия аумағында ұсталып, содан кейін Қазақстан Бас прокуратурасының сұрауы бойынша қазақстандық құқық қорғау органдарына берілді. Қазіргі кезде аталған адам Астана қаласының тергеу изоляторына қамалды.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
6 қазан 2024