Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Қарағандыда әйелін өлтірген еркек кешірім сұрады

kaz.365info.kz

Қарағандыда әйелін өлтірген еркек кешірім сұрады

Қарағандыда әйелін пышақтап өлтірді деген күдіктінің ісі сотта қарала басталды. 51 жастағы ер адам қанды қылмысты балаларының көзінше жасаған. Бүгін ол кінәсін толық мойындап, кешірім сұрады. «Жек көріп, іс-әрекетінің әлеуметтік қоғамдық сипатын түсініп, мас күйінде қасақана үш рет пышақтап, қашып кеткен», – деді прокурор Жанқуат Ахмедин. Қанды қылмыс жасаған күдікті ауланы айналып біраз жүріп, есін жиғанда полицияға өзі беріліпті. Айтуынша, әйелімен жанжал сол күні таңертең басталған. Бір ай бойы жұмыссыз жатқандықтан, таңертең үйден жұмыс іздеп шығып кетіпті. Екі қолға күрек таппай сағат бес шамасында бір шөлмек арағын алып қайтып келіпті. Ішіп алған соң ұрыс-керіс жалғасып, балалары полиция шақырған. Алайда тәртіп сақшылары тек ескертумен шектелген. «Өзі ұрыс бастап, жөндеу жасаған бөлмені сыпырып жүріп, айғайлап, маған боқауыз сөздер айтты. Шынымды айтқанда, қалай қылмысқа барғанымды айта алмаймын, не үшін барғанымды, қалай пышақ сұққанымды. Істеген ісіме кешірім сұраймын, барлықтарыңыздан», – деді күдікті.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
18 қазан 2024