Қостанай облысындағы диірменде төрт жұмысшы қаза тапты
Төрт адамның биіктіктен құлағаны хабарланды. Қайғылы оқиға 6 қазанда болған. 112 пультіне Қостанай облысының Рудный қаласында 5 метр тереңдіктегі бункерді тазалау жұмыстарын жүргізу кезінде 4 адам төмен түсіп, су бетіне шықпай жатқаны туралы хабарлама түсті.
- Оқиға орнына төтенше жағдайлар қызметі, полиция және жедел медициналық жәрдем қызметі келді. Құтқарушылар жұмысшылардың денелерін бункерден шығарды. Жедел жәрдем қызметкерлері қайтыс болғанын растады. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр, деп хабарлады Қостанай облысының Төтенше жағдайлар департаменті.
Бұл фактіні прокуратура растап, полиция тергеу жүргізіп жатқанын айтты.
Дереккөз: kazinform
Бізді Youtubе-та қараңыз!Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- Соңғы
Күнделікті жаңалықтар
6 қараша 2024