Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Алматыда Lenovo компаниясы директорының мәйіті табылды

kaz.365info.kz

Алматыда Lenovo компаниясы директорының мәйіті табылды

Алматы облыстық полиция департменті баспасөз қызметі із-түзсіз жоғалған Lenovo компаниясының мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жөніндегі директоры Ермек Жақыпжановтың өліміне қатысты түсінік берді. Ер адам 9 қазан күні таңертеңнен бері байланысқа шықпаған. «10 қазанда Іле ауданы Өтеген батыр ауылының шетінде зорлық-зомбылықпен өлтірілген, бір күн бұрын Алматыда хабар-ошарсыз кеткен 42 жастағы ер адамның мәйіті табылды. Кісі өлтіру фактісі бойынша полиция қылмыстық іс қозғады», – деді полиция. Белгілі болғандай, Ермек Жақыпжанов – Lenovo компаниясының Қазақстандағы, Тәжікстандағы және Түрікменстандағы мемлекеттік институттармен жұмыс жөніндегі директоры болып жұмыс істеген. Қазір қылмыстың барлық мән-жайы мен себебін объективті зерттеу үшін тергеу жүргізіліп жатыр.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
18 қазан 2024