Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Елімізде балабақша тәрбиешілерінің қатыгездігіне қатысты 17 жағдай тіркелген

newsroom.kz

Елімізде балабақша тәрбиешілерінің қатыгездігіне қатысты 17 жағдай тіркелген

Елімізде жыл басынан бері балабақшадағы тәрбиешілердің қатыгездігіне қатысты 17 жағдай тіркелді. Оның 10 жағдайында тәрбиешілер жұмыстан шығарылған. Қалғаны келісімге келген екен,- деп хабарлайды newsroom.kz

Мамандардың айтуынша мұндай нәрсеге бірқатар факторлар әсер етеді. Кадр тапшылығы мен тәрбиешілерге түскен жүктемеде олардың күйзеліске ұшырауына әкеп соғады.

- Біздің ата-аналар келген кезде міндетті түрде не жейді? және ұрмай ма? деп сұрайды.Қазір кім көрінген балабақша ашып жатыр. Біріншіден ол маман болуы керек. Ата-ананың талабына сай келетін балабақша болуы керек. Жалпы 150 кв. м аумақта 5 топ жүретін балабақшалар баршылық,- деді ҚР Білім беру саласының үздігі Гүлсара Нұрсейітқызы.

Гүлсара Нұрсейітқызының айтуынша, тәрбиеші таңдауда қателеспеу керек. Кәсіби білімі бар, сауатты маман ғана балалармен жүйелі жұмыс істей алады.

Сондай-ақ, жауапты министрлік өкілдері соңғы жалдырда кәсіби тәрбиешілер саны көбейгенін айтты. Сондай-ақ, жекеменшік және мемлекеттік балабақшалар тұрақты түрде белгілі ретпен, барлық талаптарға сәйкес тексерістерден өтіп отырады.

Егер де осыдан екі жыл бұрын өзінің кәсіби білімі бар тәрбиешілер мектепке дейінгі ұйымдарда 53%- ды құраған болса, бүгінгі күні 79%-ды құрайды. Балаларды ерте дамыту институты және Мектепке дейінгі білім беру департаментімен бірге бұл жұмыстарды қадағалап отырмыз- деді Оқу-ағарту министрлігі мектепке дейінгі білім беру департаментінің директоры Манара Адамова .

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
18 қазан 2024