Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Жиһадқа шақырып, терроризмді насихаттаған шымкенттік 8 жылға сотталды

kaz.365info.kz

Жиһадқа шақырып, терроризмді насихаттаған шымкенттік 8 жылға сотталды

Шымкентте адамдарды жиһадқа шақырып, терроризмді насихаттаған тұрғынға қатысты сот шешімі шықты. Шымкент қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық соты ҚК-нің 256-бабының 1-бөлігі, 259-бабының 1-бөлігі («Терроризмді насихаттау және экстремистік әрекеттерін ұйымдастыру мақсатында адамдарды азғырып көндіріп») бойынша айыпталған тұрғынға қатысты істі қарады. «Сотталушы әртүрлі әлеуметтік желілер арқылы терроризмді насихаттап және экстремистік әрекеттерін ұйымдастыру мақсатында адамдарды азғырып көндірген. Сонымен қатар, террористік және экстремистік әрекеттерді ұйымдастыру мақсатында адамдарды жихадқа шақырған. Сотталушының тағылған айып бойынша кінәсі іс бойынша жинақталған құжаттармен дәлелденеді», – делінген сот хабарламасында. Прокурор Т.-ға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұрады. Ал сотталушы мен оның қорғаушысы жеңіл жаза тағайындауды өтінді. «Сот, Т.-ға түпкілікті 256-бабының 1-бөлігі, 259-бабының 1-бөлігі негізінде 8 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады», – делінген сот хабарламасында. Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
9 желтоқсан 2024