Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Әйелін аяусыз ұрып өлтірген адам сотталды

kaz.365info.kz

Әйелін аяусыз ұрып өлтірген адам сотталды

Қызылордада 21 жастағы Меруерт Жолманды асқан қатыгездікпен ұрып өлтірген күйеуі 12 жылға сотталды. Ерлі-зайыптылар арасындағы жанжалға қызғаныш себеп болған. Қанды қылмыс Шиелі ауданында биылғы жылдың жазында болған. Кәсіпкердің малын бағып күнелтіп жүрген 26 жастағы ер адам әйелі Меруерт Жолманды қатыгездікпен өлтірді деп айыпталған. Қылмыстық іс тергеуінде кешкі уақытта үйіне келген азамат келіншегінің телефон арқылы белгісіз жанмен сөйлесіп отырғанын көрген. Содан қызғанған күйеуі марқұмды ағаш үстелдің аяғымен аяусыз ұрып, жылқының жүгенімен басынан бірнеше рет соғып жіберген екен. Қансыраған әйел көп ұзамай көз жұмған делінген айыптау актісінде. Ер адам жедел жәрдем шақырып, өзі үйден қашып кеткен. Ал бүгін сотта соңғы сөз алған сотталушы жасаған ісіме өкінемін деді. «Сот мырза, істеген ісіме қатты өкінемін. Сол үшін сіздерден бәріңізден шын жүректен кешірім сұраймын. Сізден әділ жаза тағайындауыңызды сұраймын», – дейді сотталушы. Ал судья күдіктінің әйелін азаптап өлтіргені толық дәлелденді деді. Сондықтан оны 12 жыл бас бостандығынан айырды. «ҚК-нің 99-бабының 1-бөлігімен кінәлі деп танылып, 11 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалсын. Тағайындалған бас бостандығынан шектеу жазасының өтелмеген бөлігімен ішінара қосу арқылы түпкілікті 12 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалсын», – дейді Қызылорда облыстық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы Думан Әлиев.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
9 желтоқсан 2024