Түркістан облысында 250 келіден астам марихуана тәркіленді
Оның 35-і есірткі сату, 67-сі заңсыз егу, 10 жайты аса ірі көлемде есірткі сақтау. Сондай-ақ 1 есірткі лабораториясының жұмысына тосқауыл қойылды.
«Жалпы заңсыз айналымнан 250 келіден астам марихуана мен 3,5 мың дозаға жуық синтетикалық есірткі заты тәркіленді. Мәселен, «Батыс Қытай - Батыс Еуропа» тас жолы бойында «Форд» автокөлігі тоқтатылып, Шымкент қаласының тұрғынынан 79 келі кептірілген марихуана тәркіленіп, күдікті қамауға алынды», - делінген Түркістан облысы ПД хабарламасында.
Есірткі жарнамалау, граффити жазулары бойынша 8 дерек тіркеліп, есірткі жарнамалаушы 94 ақпараттық сайт бұғатталды. ҚР ІІМ-нің тікұшағымен есірткі алқаптарында әуемен барлау жұмыстары жүргізіліп, 63 дерек анықталды. Бұл бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасады.
Дереккөз: Kazinform
Бізді Youtubе-та қараңыз!Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- Соңғы
Күнделікті жаңалықтар
6 желтоқсан 2024