ҰҚК бір сарбаздың көз жұмғанын хабарлады
Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шығыс Қазақстан облысында бір сарбаз көз жұмғанын мәлімдеді,- деп хабарлайды newsroom.kz
Ресми ақпарат бойынша, ҰҚК шекара қызметінің Шығыс Қазақстан облысындағы департаментінде 7 қарашада бір сарбаз көз жұмған.
"Алдын ала ақпарат бойынша, өлімге суицид себеп. Полиция органдары Қылмыстық кодекстің 105-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастады" деп жазылған ҰҚК хабарламасында.
Азаттық радиосының мәлімдеуінше, марқұмның туысы 18 жастағы сарбаз сегіз ай бұрын әскери борышын өтеуге кеткен. Түркістан облысы Қазығұрт ауданының тумасы, отбасында бес баланың үшіншісі.
Туысының айтуынша, әскерилер марқұмның жақындарына "сарбаз өзіне екі рет оқ атып, қаза болған" деп хабарлаған. "Өзіне қол салуы мүмкін емес" деді марқұмның туысы.
Сарбаз 5 желтоқсанда 19 жасқа толған болар еді.
Бұған дейін қорғаныс министрлігі кейінгі үш жылда Қазақстанда 270 әскери қызметкер қаза болды деп мәлімдеген. Ресми ақпаратқа сәйкес, олардың өліміне көп жағдайда ауру, жол апаты мен суицид себеп болған.
- Соңғы
Күнделікті жаңалықтар
6 желтоқсан 2024