Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Таразда полиция қызметкері абайсызда әріптесін атып тастады

ktk.kz

Таразда полиция қызметкері абайсызда әріптесін атып тастады

Оқыс оқиға Таразда болды, деп хабарлайды Zakon.kz. Оқиға жайлы ақпарат әлеуметтік желілерден белгілі болды. Жазбаға сүйенсек, Таразда патрульдік полиция батальонының инспекторы "қызметтік қарумен ойнап, әріптесін абайсызда атып тастады".

"2024 жылғы 16 қарашада қызметтік көлікте қызмет көрсетілетін аумақты патрульдеу кезінде полиция қызметкері қарумен абайсызда өзінің әріптесін атты. Кездейсоқ ауыр зардаптарға әкеп соққан немқұрайлылық фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Жәбірленуші Қордай аудандық ауруханасына жатқызылды", — деп түсіндірді ведомствода.

Полиция қызметкерлері қызметтік тексеру жүргізеді, болған оқиғаның барлық мән-жайлары анықталады.

Бізді Youtubе-та қараңыз!Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
6 желтоқсан 2024