Павлодарда жантүршігерлік жол апатынан 16 жастағы жасөспірім қаза тапты
Павлодарда көлік ағашқа соғылып, 16 жастағы қыз қаза тапты. Тағы екі жолаушы мен жүргізуші ауруханада жатыр. Павлодар облысы полиция департаментінің мәліметінше, жол апаты 24 қараша күні түнгі сағат 03:10 шамасында болған. «Mercedes көлігінің жүргізушісі Назарбаев даңғылымен келе жатып, дөңгелегі жол жиегіне қарай сырғанап кеткен. Сосын ағашқа соғылған. Салдарынан жүргізуші мен үш жолаушы ауруханаға жатқызылды», – делінген хабарламада. Instagram желісінде жарияланған видеодан көліктің жолдан шығып кеткенін байқауға болады. «19 жастағы жүргізуші басқарған көлікте кәмелетке толмаған үш бала болған. 16 жастағы бір жолаушы қаза тапты. Екіншісі, 15 жаста, жағдайы өте ауыр, оған ота жасалды. Тағы бір 15 жастағы жолаушы мен жүргізуші жарақатпен ауруханаға жеткізілді», – деді Шәкенева. Жасөспірімдер көлікті ересек адамдардың басқаруынсыз жүргізген. Уәкілдің сөзінше, жарақат алған балалардың ата-аналары, кәмелетке толмағандардың түнгі сағат 11-ден кейін үйден тыс жерде болғаны үшін әкімшілік жазаға тартылады.
- Соңғы
Күнделікті жаңалықтар
9 желтоқсан 2024