Мигранттар мінген қайық апатқа ұшырап, 8 адам қайтыс болды
Департаменттің мәліметі бойынша, 39 адам құтқарылған. Алайда борттағы адамдардың нақты саны мен ұлты белгісіз.
Грекияның теңіз істері және арал саясаты министрі Христос Стилиндис бұл оқиғаны «адам контрабандасымен айналысатын желілердің қылмыстық әрекеттері туралы қайғылы еске алу» деп атады.
Ол Грекия мен Түркия елінің теңіз шекараларына жүйелі және бірлескен ынтымақтастық керек екенін айта кетті. Оның сөзінше, бұл қазірдің өзінде нақты нәтижелер беріп келеді.
Грекия 2015 жылдан бері заңсыз мигранттар мен босқындар үшін Еуропалық одаққа кірудің негізгі пункті саналады. Бүгінге дейін миллионға жуық мигрант тіркелді. Дегенмен Грекия аумағына жетуге тырысқан жүздеген адам теңізде қаза тапты.
Дереккөз: Kazinform
Бізді Youtubе-та қараңыз!Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- Соңғы
Күнделікті жаңалықтар
6 желтоқсан 2024