Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Ақтауда әкімдік алдында өзін өртеп жіберген тұрғынның жағдайы ауыр

kaz.365info.kz

Ақтауда әкімдік алдында өзін өртеп жіберген тұрғынның жағдайы ауыр

Маңғыстау облыстық көпбейінді аурухананың баспасөз қызметінің мәліметінше, зардап шеккен тұрғын жансақтау бөліміне жатқызылған. Оның жағдайы ауыр. Дәрігерлер қажетті медициналық көмекті көрсетіп жатыр. Ал Полиция департаменті осы оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғады. Тергеу амалдары басталды. Еске салайық, бүгін, 5 желтоқсанда Маңғыстау облыстық әкімдігіне бір тұрғын барып, өңір басшысының жеке қабылдауына кіргізуді сұраған. Әкімдік қызметкерлері оған тұрғындарды жеке сұрақтары бойынша қабылдау жүргізіліп жатпағанын, бекітілген графикке сәйкес жазылып келуін өтінген. Содан соң оны Қарақия ауданы әкімінің орынбасары қабылдаған. Алайда оған қанағаттанбаған азамат үстіне жанармай құйып, өзін өртеп жіберген еді. Полиция мен әкімдік қызметкерлерінің көмегімен өрт сөндіріліп, зардап шеккен адам ауруханаға жеткізілді.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
12 желтоқсан 2024