Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Өз отанында алаяқтық жасап қашып кеткен Тәжікстан азаматы Павлодарда ұсталды

ktk.kz

Өз отанында алаяқтық жасап қашып кеткен Тәжікстан азаматы Павлодарда ұсталды

Қазір оны экстрадициялау мәселесі шешіліп жатыр. Павлодарлық полицейлер рейд жүргізу кезінде жалдамалы пәтерлердің бірінен мемлекетаралық іздеуде жүрген Тәжікстан Республикасының азаматын ұстады. Ол өз отанында аса ірі мөлшерде алаяқтық жасап, кейін сот төрелігінен қашып кеткен.

- Ұсталған адам Павлодар қаласының уақытша қамау орнына алынды. Экстрадициялау мәселесі шешіліп жатыр. Шетелдікті полицейлер «Заңсыз такси жүргізуші» республикалық жедел - алдын алу іс - шарасы аясында ұстады, - деп хабарлады Павлодар облысының полиция департаментінен.

Бұдан бөлек, Тереңкөл ауданында полицейлер Қазақстан Республикасында болу мерзімін бұзған көрші мемлекеттің азаматын қолға түсірді. Ер адамның Қазақстан аумағына келгені анықталды, бірақ болу мерзімі өткеннен кейін ол елден шықпаған. Шетелдік көші-қон саласындағы заңнаманы бұзғаны үшін жауапқа тартылып, материал сотқа жіберілді.

Дереккөз: kazinform

Бізді Youtubе-та қараңыз!Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
20 қаңтар 2025