Ұшақ апатынан қаза тапқан Қазақстан азаматтарының тізімі жарияланды
Ақтаудағы ұшақ апатынан мерт болған қазақстандықтар туралы ақпарат белгілі болды. Ішінде ана мен бала да бар. Құтқару қызметі ұшақ апаты кезінде қаза болған Қазақстан азаматтары бойынша ақпарат берді. Көпшілігі Маңғыстау облысынан екен. Гаухар Шаймерденова Астанада нотариус болған екен. Тележүргізуші Санди Сұлтан Гауһар Шаймерденованың ұшақта болғанын хабарлады. Журналист олардың дос екенін және ол 10 жасар ұлы Эльдармен бірге Бакуден ұшқанын айтады. Ал Салима Джутаева Қарағандыда стоматолог болып жұмыс істегені белгілі болды. Фото: Ulysmedia.kz
- Соңғы
Күнделікті жаңалықтар
20 қаңтар 2025