Пошта сәлемдемелерінен есірткі табылды
![Пошта сәлемдемелерінен есірткі табылды](https://img43-kz.redtram.com/news/619364753.jpg?v=1735628408)
Астанада пошта сәлемдемелерінен 4 рет есірткі табылды. Бұл туралы Астана қаласы Полиция басқармасы мәлімдеп отыр. «Поштада жіберілетін сәлемдемелерді иісшіл итпен тексеру кезінде 4 рет есірткі табылды. Мысалы, Алматыдан келген 4,9 келі мефедрон тәркіленді. Сондай-ақ, Батыс Аустралиядан жеткізілген үрлемелі матраста 914 гр марихуана жасырылған. Осы іске қатысты 4 адам ұсталды. Бұдан бөлек, Таиландтан келген сәлемдемеде 998,43 гр кептірілген марихуана анықталды. Иран азаматының пәтерінен тінту кезінде Ұлыбританиядан пошта арқылы жіберілген 151,20 гр кептірілген марихуана тәркілендә», – делінген полиция хабарламасында. Осы істерге қатысты 6 есірткі таратушы ұсталып, оның ішінде 1 адам 10 жылға бас бостандығынан айырылды. Қалғандарына қатысты тергеу әлі жүргізіліп жатыр.
- Соңғы
Күнделікті жаңалықтар
20 қаңтар 2025