Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Павлодар облысының тұрғыны өгей қызын аяусыз соққыға жыққан

kaz.365info.kz

Павлодар облысының тұрғыны өгей қызын аяусыз соққыға жыққан

Павлодар облысының тұрғыны бірге тұратын әйелі жұмысқа кеткен уақытта оның қызын ұрып-соққан. Соның салдарынан бала ауыр жарақаттар алды. Анасы мен қызы 16 қаңтар күні дәрігер көмегіне алғаш рет жүгінген. Облыстық балалар ауруханасына баласын әкелген анасы қызның күндік орындықтан құлап қалғанын айтқан. Дәрігер Сергей Самец баланы қарап, оны рентгенге жіберіпті. Сол кезде екі бұғанасы сынғаны анықталған. Одан бөлек, маңдайы көгеріп, ісіп кеткен. «Анасынан не болғанын сұрағанымда, басқа балалармен ойнаған кезде беті көгергенін айтты. Екі жастағы бала үшін бұл – қалыпты жағдай. Себебі олар осы жаста жүріп, аяғын нық баса алмай құлап қалуы мүмкін.Баланың өзі әлі сөйлей қоймағандықтан, нақты не болғанын да айта алмайды», – дейді дәрігер Сергей Самец. Ауруханада балаға гипс салып, амбулаторлық ем қабылдау үшін үйіне жібереді. Ал екінші күні анасы мен қызы қайтадан дәрігерлерден көмек сұрай келді. Бұл жолы ұрып-соғудан кейінгі жарақаттарды белгілеу үшін көмекке жүгінді. «Бұл жолы баланы басқа дәрігер қарады. Анасы оған баланы өгей әкесі ұрғанын айтқан екен. Жеке тәжірибеме сүйенсем, мұндай жарақатты екі жақтан қатты соққы алғанда не болмаса баланы лақтырып, содан құлағау салдарынан алуы мүмкін. Одан соң денсаулық толық қалпына келгенше кемінде үш апта керек», — дейді дәрігер. Павлодар облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі ер адам ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалғанын хабарлады. Енді ол екі жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. «Адам денсаулығына қасақана зиян келтіргені үшін оған қатысты қылмыстық іс қозғалды», — делінген хабарламада.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
22 қаңтар 2025