Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Шығыс Қазақстанда қар көшкіні түсірілді

ktk.kz

Шығыс Қазақстанда қар көшкіні түсірілді

Қар көшкінінің алдын алу шарасы облыстық маңызы бар «Өскемен-Самар» тасжолының 132-137 шақырымында жүргізілді.

- «Қазселденқорғау» мекемесінің мамандары аталған учаскедегі тау бөктерінде 4 рет жарылыс жасады. Барлығы 1330 текше метр қар түсірілді. Жол қардан бірден тазартылды. Осылайша қар көшкінінің өздігінен түсу қаупі айтарлықтай азайды, - деп хабарлады облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінен.Осы ретте құтқарушылар өңірдің таулы жерлерінде қар көшкіні түсуі қаупі әлі де сақталып тұрғанын ескертті.

- Егер жолда қандай да бір қиындыққа тап болсаңыздар бірден «112» нөміріне қоңырау шалыңыздар, - деп еске салды ведомство өкілдері.

Бізді Youtubе-та қараңыз!Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
30 сәуір 2025