Ақмола облысында су тасқыны электр желілерін бүлдірді

Ақмола облысында Есіл өзенінде су деңгейінің көтерілуі салдарынан тұрғындар жарықсыз қалды. Күшті тасқын электр бағаналарын қиратып, кейбір станцияларды су басты. Құтқарушылар тәулік бойы жұмыс істеп, адамдар мен малдарды қауіпсіз жерге көшіруде. Бұл жұмыстарға 240 маман мен 100-ден астам техника жұмылдырылды. Астрахань ауданында 200-ге жуық үй жарықсыз отыр. Тасқын жайылымдардағы малды да әбігерге салды. Құтқарушылар дрондардың көмегімен малды іздеп, оларды қауіпсіз жерге айдап жүр. «Жақсын, Жарқайың және Есіл аудандарындағы өзендерде су деңгейінің ауытқуы байқалады. Колутон және Жабай өзендерінің тасуына байланысты екінші толқын болуы мүмкін», – деді «Қазгидромет» Ақмола облыстық филиалының бөлім басшысы Надежда Гурышкина.
- Соңғы
- Танымал
Күнделікті жаңалықтар
15 сәуір 2025