Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Шымкентте 6 жастағы бала кәріз суына түсіп мерт болды. Туыстары әкімдікті кінәлап отыр

kaz.365info.kz

Шымкентте 6 жастағы бала кәріз суына түсіп мерт болды. Туыстары әкімдікті кінәлап отыр

Шымкент қаласында көпқабатты үй ауласындағы кәріз шұңқырына құлап кеткен 6 жасар бала көз жұмды. Бүлдіршін Айдын Сәуірбайдың жақындары бұл жағдайға қала әкімдігін кінәлайды. Олардың айтуынша, бұл шұңқыр бір жыл бұрын жөндеу мақсатында қазылып, содан бері ашық күйінде қалған. Тұрғындар бұл жерге бірнеше рет шағымданғанымен, еш шара қолданылмаған. «Балалардың барлығы қызық көріп келеді. Тау-тас деп. Ойнап жүріп түсіп кеткен 8 жасар бала. Суға түсіп, құдай сақтағанда аман шықты судан. Ата-анасы қанша ұрысқанымен айналып келіп қызық көріп жүреді балалар. КНС үнемі обратка береді. Қанша рет айтылды. Осы мәселе шешіп берсе, осы жағдай болмаса екен деп тілеп, өтініш хаттар жазылды, қоңыраулар шалынды. Ешқандай нәтиже жоқ», – дейді Шымкент қаласының тұрғыны Айдана. Марқұмның анасы мен әжесі баланың ойнап жүріп, лас су жиналған шұңқырға түсіп кеткенін айтады. Бұған дейін де бірнеше бала осы жерде жарақат ала жаздаған екен. «Бір рет Жарқынайды жетектеп сол жақты қарап қайттым. Ештеңе жоқ болған. Екінші рет те, үшінші рет те түнге жақын барып көрдім. Ол кезде де шықпады. Түннің бір уағында мені ертіп алып кетті ол жерден. Сол кезде табылған екен. Уже судың бетіне қалқып шыққан екен. Өзіміз де ойлап едік осы жер бір адам өлмей жабылмайтын болды деп. Менің балам болатынын қайдан білейін. Балам-ай», – дейді марқұмның анасы Маржан Асқар. Оқиғадан кейін ғана әкімдік өкілдері әрекетке көшіп, апатты жерді тазалап, жабуға уәде берді. Сонымен қатар, бұл іске жауапты мердігер компаниялардың үстінен қылмыстық іс қозғалып, олар сот алдында жауап береді.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
18 сәуір 2025