Ақтөбеде аурухана қызметкерлеріне тас төсеттіріп қойған

Жазба авторының сөзіне қарағанда, аурухананың еден жуушы әйелдеріне тас төсеттірген. «Бұл — БСМП. Нақтырақ айтқанда, неврология ғимараты. Ал мына жердегі әйелдер — аурухана қызметкерлері. Оларды тас төсетуге мәжбүрлеп жатыр. Қастарында бастығы жүр», — деді ол. Видео авторы бұл нәрсенің дұрыс емес екенін айтқан. Бірақ бастығы «Сенің жұмысың емес» депті. «Ауыр жұмыс істетіп қойғаны дұрыс емес. Брусчатка төсеу, тас жару — құрылысшылардың жұмысы. Бұл не деген масқара? Сұрасам бастықтары «Сенің жұмысың емес» деп жауап қатты», — деді ол. Облыстық денсаулық сақтау басқармасы бұл жағдайдан хабардар екенін және бұл нәрсені заң бұзу деп есептемейтіні айтқан.
- Соңғы
- Танымал
Күнделікті жаңалықтар
19 сәуір 2025