Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Павлодар тұрғыны 8 жылға жүргізуші куәлігінен айырылды

kaz.365info.kz

Павлодар тұрғыны 8 жылға жүргізуші куәлігінен айырылды

Павлодарда Mercedes-Benz жүргізушісі медициналық тексеруден бас тартқаны үшін 8 жылға жүргізуші куәлігінен айырылды. Бұл туралы облыстық полиция департаменті хабарлады. Мәшһүр Жүсіп көшесінде тоқтатылған көліктің жүргізушісі тәртіп сақшыларын көре сала көліктен түсіп, қашуға әрекеттенген. Ал жолаушы болса, полиция жұмысына кедергі жасап, оған көмектеспек болған. Жүргізуші медициналық куәландырудан өтуден бас тартып, полиция талабына бағынбаған. Осыған байланысты әкімшілік хаттама толтырылып, іс сотқа жіберілген. Сот шешімімен ер адам 8 жылға жүргізуші куәлігінен айырылып, 15 тәулікке қамауға алынды.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
15 мамыр 2025