Итті құтқару үшін мұздай суға секірген өскемендік жігіт елді тәнті етті (видео)

Итті құтқару үшін мұздай суға секірген өскемендік жігіт елді тәнті етті (видео)

kaz.nur.kz

Өскемен тұрғыны Бұқтырма су қоймасына итті құтқару үшін түсіп, ерлігімен көпшілікті тәнті етті деп хабарлайды
Yk-news.kz
сайтына сілтеме жасаған
NUR.KZ.
Кирилл Павловский судың салқын екеніне қарамастан, құтқару киімінсіз суға секірген.
Содан-соң ол жаураған итті алып шыққан.
Кирилл өзінің орнында кез келген адамның осылай жасайтынына сенімді.
Жас жігіт өзінің достарымен бірге Бұқтырма өзенінде катермен демалуға барған. Алайда су қоймасының ортасын жеткенде жанталасқан денені көреді.
Ал ит өзін құтқаруға келе жатқан адамды көріп, оған қарай жүзіпті.
Қазір үй жануары арнайы орталыққа тапсырылған.

Жаңалықты толығымен оқыңыз

Жаңалықтармен бөлісіңіз:

Сондай-ақ оқыңыз: