Колумбияда лай көшкіні 11 адамның өмірін қиды

24.kz

Колумбияның Кальдас департаментінде төпелеп құйған нөсер жауыннан лай көшкіні басталып 11 адам мерт болды.Оның ішінде 4 бала бар. Тағы бірнеше адам жарақат алған. Оннан астам тұрғынның тағдыры беймәлім. Құтқарушылар 28 адамның өмірін арашалап үлгерді. Бұл туралы Маркеталия қаласының мэрі хабарлады. Жауын-шашынға қарамастан құтқару жұмыстары жалғасып жатыр. Жергілікті билік тау бөктерін мекендейтін тұрғындарға қауіпсіз жерге көшуге кеңес беріп отыр.Айта кетейік, өткен жылы Колумбияда болған лай көшкінінен Мокоа қаласында 300 адам көз жұмды.

Поделитесь новостью:

Читайте также: