Қатты жел Щучинскідегі «Burabay» жазуын құлатты

Қатты жел Щучинскідегі «Burabay» жазуын құлатты

inform.kz

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысы аумағында болған қатты жел Щучинск қаласындағы телемұнараның үстіне орнатылған «Burabay» жазуын құлатты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Қазанның 11-де орын алған қатты жел АҚШ-тағы Голливуд жазуына ұқсатып орнатылған «Burabay» жазуының 4 әрпін құлатқан. Бурабай ауданы әкімдігінің мәліметі бойынша, жазу міндетті түрде қалпына келтіріледі. Әзірге қалпына келтіру жұмыстарын кім және қашан қолға алатыны белгісіз.
Еске сала кетейік, «Burabay» жазуы ағымдағы жылдың шілде айында демеушілер қаражаты есебінен Щучинск қаласының іргесіндегі Бурабай тауына орнатылған болатын....

Жаңалықты толығымен оқыңыз

Жаңалықтармен бөлісіңіз:

Сондай-ақ оқыңыз: