Жапонияда үйдің шатырына метеорит қалдығы құлады

24.kz

Тұрғындар үйді дүр сілкіндірген дыбыстан шошып, далаға атып шыққан.Комаки қаласында жеке үйдің шатырын метеориттің үш бірдей сынығы ойып түскен. Бұл туралы NHK арнасы хабарлайды. Тұрғындар аспаннан жауған «олжаны» Ұлттық музейге тапсырған. Тасты зерттеген ғалымдар метеориттің жасы шамамен 4,5 млрд жыл екенін айтты. Олардың бойынан магниттік қасиет анықталды.Аударған: Г.Абилова

Жаңалықтармен бөлісіңіз:

Сондай-ақ оқыңыз: