Түркия америкалық пасторды үйқамақтан босатты

24.kz

Түркия соты АҚШ-пен арадағы қатынасының шиеленісіп, сауда соғысының өршуіне себеп болған америкалық пастор Энрю Брансонды үйқамақтан босатты.Еркіндікке шыққан дін өкілі отанына ұшып кетті. Енді ол президент Дональд Трамппен кездеседі.Айта кетейік, 50 жастағы Эндрю Брансон діни миссиямен Түркияға 20 жыл бұрын барып қоныстанған. 2016 жылы ол Түркияда әскери төңкеріс әрекеті жасалған соң қамауға алынады. Оған осы шараны жүзеге асырушы Гюллен қозғалысымен байланыста болды деген айып тағылды. Ал биылғы тамыз айында АҚШ оны босатуды талап етіп, Түркияға санкция салған болатын. Осыдан кейін екі ел арасындағы байланыс күрт нашарлап кетті.

Жаңалықтармен бөлісіңіз:

Сондай-ақ оқыңыз: