АҚШ Иранның мұнай сатуына жеңілдік береді

24.kz

АҚШ билігі сегіз елге жасаған санкцияларға қарамастан Иран мұнайын еркін импорттау үшін жеңілдік бермек.Бұл туралы америкалық әкімшілікке сілтеме жасап, Bloomberg агенттігі хабарлады. Бұл тізімге нақты қай елдердің кіргені әлі белгісіз. Дегенмен, жеңілдік алғандардың қатарында  Жапония, Үндістан және Оңтүстік Корея бар. Бұл мемлекеттер баға тұрақтылығын сақтап қалу үшін мұнай импорты көлемін азайту керек. Сондай-ақ АҚШ президенті Дональд Трамптың әкімшілігі Иран төңірегіндегі жағдайға байланысты жеңілдікке бармақ. Айта кетейік, 8 мамыр күні Трамп Иран атомы келісімінен шығып, бұрынғы санкцияларды қайта жаңғыртатынын мәлімдеген еді.

Жаңалықтармен бөлісіңіз:

Сондай-ақ оқыңыз: