Өскеменде қылмыскерлерді анықтайтын бағдаршам пайда болды

kaz.nur.kz

Өскеменде қылмыскерлер мен жол ережесін бұзғандарды анықтайтын ақылды бағдаршам пайда болды. Бұл туралы
Tengrinews
агенттігіне сілтеме жасаған
NUR.KZ
хабарлайды.
Енді іздеуде жүрген қылмыскерлер де бағдаршамнан бойларын алыс алып жүретін сыңайлы. Себебі, бұл ақылды құрылғылар кез келген күдіктінің бет-әлпетін анықтай алады.
Бейнебақылаудың бұл жүйесі құқық бұзғандарды тез табу үшін арнайы дайындалған.
Қазір ақылды бағдаршам сынақ мерзіміне орнатылды. Егер ол қылмыскерлерді табуға қолғабыс етер болса, онда заманауи құрылғы қаланың барлық көшелеріне орнатылатын болады.

Жаңалықты толығымен оқыңыз

Жаңалықтармен бөлісіңіз:

Сондай-ақ оқыңыз: