Елордада азық-түлікті төмен бағаға сататын жәрмеңке басталды

24.kz

«Алай Базары» көтерме-бөлшек сауда орталығының ғимаратында 3 қараша мен 3 желтоқсан аралығында күн сайын «Алтын күз» атты әлеуметтік азық-түлік жәрмеңкесі өтеді. Павлодар мен Ақмола облыстарының шаруа қожалықтары жәрмеңкеде ет және сүт өнімдерін, сондай-ақ көкөністер, жемістер мен жармалар ұсынады  Қой етінің бағасы 1230 теңгеден басталса, жылқының еті 1400-ге дейінгі аралықта сатылады. Әлеуметтік жәрмеңкеде картоптың бағасы келісі 55 теңге. Айта кетейік, Павлодар облысынан 150 тонна картоп жеткізілген. Сондай-ақ сәбіздің бір келісін 45 теңгеге ала аласыздар.  Ақмола облысынан 30 тонна ірі қара мал мен 7 тонна қойдың еті жеткізілді. Ірі қара малдың еті келісіне - 1300 теңге. Ал қой еті 1250

Жаңалықтармен бөлісіңіз:

Сондай-ақ оқыңыз: