Чикагода жарылыс болды, адам шығыны бар

24.kz

АҚШ-тың Иллинойс штатында жарылыс болып, 1 адам қаза тапты.Тағы бір кісі жарақат алған. Ресми дерекке сүйенсек, қайтыс болған тұрғын – теміржол саласының қызметкері. Бұл туралы жергілікті басылымдар хабарлап жатыр. Жарылыс Чикаго қаласының Грейланд Стэйшн деп аталатын теміржол стансасы жанында тіркелді. Оның неден болғаны әзірге белгісіз. Қазір осы оқиғаға қатысты тергеу жүріп жатыр.

Жаңалықтармен бөлісіңіз:

Сондай-ақ оқыңыз: