Венеция орталығының 75 пайызы су астында қалды

24.kz

Италияда жойқын жел ойран салып жатыр.Табиғаттың тосын мінезінен мыңдаған ағаш құлаған. Желдің жылдамдығы сағатына 190 шақырымға дейін жеткен. Венето губернаторының айтуынша, сұрапыл дауыл тұрғындарды әбіргерге салған. 160 мың тұрғын жарықсыз қалып отыр. Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін нөсер мен үлей дауыл салдарынан 20 шақты кісінің қаза тапқаны жарияланған еді. Венеция орталығының 75 пайызы су астында қалды. Ондағы су деңгейі бір жарым метрге дейін көтерілген. Ресми дерекке сүйенсек, Венетоға келген шығын көлемі – шамамен 1 миллиард еуро. Жергілікті билік осы жағдайға байланысты қауіптіліктің «қызыл» деңгейі жарияланды.

Жаңалықтармен бөлісіңіз:

Сондай-ақ оқыңыз: