Италияда толассыз жауыннан қаза тапқандар саны артты

24.kz

Италияда жауыннан қаза тапқандар саны 17 адамға жетті. Олардың екеуі бұғанасы қатпаған бала.Бұл туралы жергілікті азаматтық қорғаныс қызметі өкілдері хабарлады. Қайғылы оқиға Палермо провинциясының Кастельдачча қаласында болған. Толассыз жауын-шашыннан Милича өзені арнасынан тасып, жағаға жақын орналасқан үйлер су астында қалды. Жергілікті ақпарат құралдарының хабарлауынша, қаза тапқандардың саны әлі де өсуі мүмкін.Айта кетейік, Италияның бірқатар ауданында осы аптаның басынан бері көшкін жүріп, сұрапыл дауыл ойран салып жатыр. Осыған байланысты метеоқауіптің қызыл деңгейі жарияланған болатын.

Жаңалықтармен бөлісіңіз:

Сондай-ақ оқыңыз: