Алматыда көпірден ұшып кеткен көлік өзенге құлап, аударылып түсті (фото)

Алматыда көпірден ұшып кеткен көлік өзенге құлап, аударылып түсті (фото)

kaz.nur.kz

Алматыда Сәтпаев көшесінде жол апаты болып, ішінде жолаушылары бар Toyota Camry 50 көлігі Есентай өзеніне құлап кетті деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан
.
Куәгерлердің сөзінше, Toyota Camry 10 мен Toyota Camry 50 автокөліктері шығыс бағытта Сәтпаев көшесімен кетіп бара жатқан.
Одан кейін көлігін оңға бұрып, бордюрге шығып кеткен жүргізуші металл қоршауды бұзып, өзенге құлап түскен.
Шамамен 7-10 метр биіктіктен құлаған темір тұлпар көпірдің астында аударылып қалған.
Қазір оқиға орнында полицейлер анық-қанығын тексеру үстінде.

Жаңалықты толығымен оқыңыз

Жаңалықтармен бөлісіңіз:

Сондай-ақ оқыңыз: