Қостанайда балабақшаға онлайн кезекке тұру жүйесі енгізілді

24.kz

Бұдан былай қостанайлықтар балаларын онлайн түрде балабақшаға орналастыра алады.Облыс орталығында бөбекжайға кезекке тұрудың электрондық жүйесі енгізілді. Жаңашылдық «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасы шеңберінде әзірленген. Автоматты жоба кезекті жылдамдатып, жемқорлықтың алдын алуға мүмкіндік бермек. Бүгінде жаңа жүйеге қалалық білім бөлімімен қатар 24 мемлекеттік және 43 жекеменшік балабақша қосылды. Электрондық кезекке тоғыз мыңға жуық бала тіркелген.Василий Цымбалюк, қалалық білім беру бөлімінің басшысы:- Ата-ана арнайы веб-порталға өзінің жеке сәйкестендіру нөмірін енгізіп, балаға қатысты мәліметтерді орналастырады. Бұдан кейін сайттан күн сайын бос орындар туралы ақпаратты бақылап отырад

Жаңалықтармен бөлісіңіз:

Сондай-ақ оқыңыз: