Британдық спортшы 3 мың шақырымды жүзіп өтті

24.kz

Британдық Росс Эджли өз елін 5 айдың ішінде жүзіп, айналып өтті.33 жастағы спортшы өз сапарын маусым айының 1-і күні Маргейт қаласынан бастаған. Содан 155 күнге созылған ұзақ жолда ол бірде-бір рет құрлыққа шықпай, 3 мың шақырымға жуық жерді басып өтті. Күніне 12 сағаттан артық уақыт жүзген ол жолда қатты ағыс және медузалардың шағуы секілді түрлі қауіп-қатерді басынан кешірген айтты. Осылайша Эджли Ұлыбританияны алғаш рет айнала жүзген спортшы атанды.Росс Эджли, жүзуші:- Капитан Мэттью Уэбб – 1875 жылы қоғамның мүмкін емес деген пікірін елемей Ла-Маншты алғаш жүзіп өткен адам. Ал менің жетістігім оның ерлігіне қарағанда түк емес. Сондықтан мен оның ісіне бас иемін.

Поделитесь новостью:

Читайте также: