Опырыла құлаған тұрғын үйлердің видеосы желіге тарап кетті

Опырыла құлаған тұрғын үйлердің видеосы желіге тарап кетті

inform.kz

АСТАНА. ҚазАқпарат - Францияның Марсель қаласында 5 қараша күні жергілікті уақыт бойынша таңғы 9 шамасында опырыла құлаған тұрғын үйлердің видеосы желіге тарады, деп хабарлайды ҚазАқпарат youtube.com-ға сілтеме жасап.
Хабарларға қарағанда, көрші тұрған екі тұрғын үй опырылып түскен.
Rue d'Aubagne көшесінің тұрғын үйлер қираған бөлігі жабық, онда құтқарушылар мен полиция жұмыс істеп жатыр.
Әзірше екі адамның зардап шеккені туралы ақпарат бар.
Алдын ала мәліметтерге қарағанда, ескі үйлерде 12 адам тұруы мүмкін.
Арнайы қызметтер үйінділерді аршып жатыр.

Жаңалықты толығымен оқыңыз

Жаңалықтармен бөлісіңіз:

Сондай-ақ оқыңыз: