Мұнайдың әлемдік бағасы құбылып тұр

Мұнайдың әлемдік бағасы құбылып тұр

inform.kz

АСТАНА. ҚазАқпарат - Лондон және Нью-Йорктің шикізат биржаларында дүйсенбі күнгі сауда-саттықтың нәтижесі бойынша мұнайдың әлемдік бағасы әртүрлі бағытта өзгерді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Сауда қорытындысы бойынша, Лондонның ICE Futures биржасында қаңтар айында жеткізілетін Brent маркалы мұнайдың фьючерстері барреліне 0,09 долларға арзандап, 72,71 долларды құрады.
Нью-Йорк тауар биржасында (NYMEX) WTI маркалы жеңіл мұнайдың желтоқсан айындағы фьючерстерінің бір баррелі 0,04 долларға көтеріліп, 63,1 долларға жетті.

Жаңалықты толығымен оқыңыз

Жаңалықтармен бөлісіңіз:

Сондай-ақ оқыңыз: