Астанада садақ ату курсы ашылды

Астанада садақ ату курсы ашылды

abctv.kz

Жуырда ҚР Ұлттық спорт қауымдастығы мен «Юнус Емре» қорының бастауымен дәстүрлі садақ ату курсы ашылды, деп хабарлайды Астана әкімдігінің сайты.
Курсқа жасы 18-ден асқан қыз-жігіттердің барлығы қатыса алады.
«Ұлттық садақ атуды үйрену сіздің қаныңызда бар мергендік қабілетіңізді ашады. Сондай-ақ, алдағы жылдарда ұлттық садақ атудан ұйымдастырылатын республикалық, халықаралық жарыстарға қатысуға мүмкіндік береді», - дейді ұйымдастырушылар.
Естеріңізге салайық, курсқа жазылу 1-10 қараша аралығында жүргізіледі. Толығырақ ақпаратты мына телефон нөмірі арқылы алуға болады: 8 777 533 91 30.

Жаңалықты толығымен оқыңыз

Жаңалықтармен бөлісіңіз:

Сондай-ақ оқыңыз: